«Алтын күз» мерекесі: ән, би және күзгі жәрмеңке

Балалар күзгі киімдерімен ән салып, би биледі, ал ата-аналар жәрмеңкеге қатысты.
Музыка залында дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі өтті. Әр топ күз туралы ән мен би дайындады, ал мектепалды тобының тәрбиеленушілері Абайдың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Мерекенің екінші бөлімінде ата-аналар күзгі жәрмеңке ұйымдастырды: үйде пісірілген бәліштер, бақшадан жиналған көкөністер және балалардың қолөнер бұйымдары. Жиналған қаражат топтардың ойыншықтарына жұмсалады.
Мерекені ұйымдастыруға көмектескен барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!



