Ата-аналарға арналған шеберлік сабағы: бірге мүсіндейміз

Ата-аналар мен балалар саздан бірге мүсін жасап, күзгі көрмеге қолөнер бұйымдарын дайындады.
Бейнелеу өнері студиясында «Бірге мүсіндейміз» атты шеберлік сабағы өтті. Ата-аналар балаларымен бірге саздан ыдыс, жануарлар мен ою-өрнекті тақташалар жасады.
Сабақты бейнелеу өнері педагогы Әсел Серікқызы жүргізді. Ол саз балалардың ұсақ моторикасы мен қиялын қалай дамытатынын айтып берді.
Дайын жұмыстар фойедегі күзгі көрмеде қойылды — келіп тамашалаңыздар!



